...
загрузчик изображения

Алматы облысы Қазақстандағы ең танымал туристік бағыт мәртебесін сақтап келеді.

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы тау-курорттық аймағы еліміздегі туристер ең көп таңдаған демалыс орны болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қаңтар-наурыз айларында өңірде 509 мыңнан астам турист демалған, деп хабарлайды visitalatau.com

Бұл көрсеткіш Щучинск-Бурабай курорттық аймағымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе жоғары. Алғашқы үш айда Щучинск-Бурабайға 116,7 мың адам келген. Туристер саны бойынша одан кейін Маңғыстау, Түркістан және Алтай курорттық аймақтары орналасқан.

Алматы тау-курорттық аймағы шетелдік туристер саны бойынша да көш бастап тұр. Бірінші тоқсанда өңірдегі орналастыру орындарының қызметін 131 мыңнан астам шетелдік қонақ пайдаланған. Бұл – Қазақстанның барлық курорттық аймақтарына келген шетелдік туристердің шамамен 95 пайызы.

Өткен жылдың жазғы маусымындағы көрсеткіштер де өңірдің туристік әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді. 2025 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында Алматы тау-курорттық аймағына 1,6 миллион адам келген. Бұл – еліміздің барлық курорттық аймақтарына келген туристердің 54 пайыздан астамын құрайды.

Салыстырмалы түрде алғанда, осы кезеңде Щучинск-Бурабай курорттық аймағында 295 мың, ал Маңғыстау курорттық аймағында 255 мың турист демалған.

Туризм саласы мамандарының айтуынша, тау курорттарына қызығушылықтың артуына олардың біртіндеп жыл бойы жұмыс істейтін демалыс орталықтарына айналуы әсер етіп отыр. Жаз мезгілінде туристерге жайлы климатпен қатар жаяу серуендеу бағыттары, аспалы жолдар, велосипед маршруттары, бассейндер, SPA-кешендер, глэмпингтер және белсенді демалыстың сан алуан түрі ұсынылады.

Сонымен қатар тау курорттарының ірі қалаларға жақын орналасуы да олардың қолжетімділігін арттырып, туристер легінің көбеюіне ықпал етуде.

Осылайша, Алматы тау-курорттық аймағы қысқы ғана емес, жазғы туристік маусымда да Қазақстандағы жетекші туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтып келеді.

Серафинит - АкселераторОптимизировано Серафинит - Акселератор
Включает высокую скорость сайта, чтобы быть привлекательным для людей и поисковых систем.